Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 17.08.2023 № 3/450 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 3/436 шешіміне қосымша |
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулылардың тізбесі
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Қалалық қатынастарындағы жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" 2012 жылғы 27 маусымдағы № 2/571 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 941 болып тіркелген).
2. Алматы қаласы әкімдігінің "Қалалық қатынастарындағы жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" 2012 жылғы 27 маусымдағы № 2/571 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 3/558 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1212 болып тіркелген).
3. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 4/571 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1670 болып тіркелген).
4. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" 2017 жылғы 20 шілдедегі № 3/293 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1395 болып тіркелген).
5. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының аумағында жолаушылырды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" 2017 жылғы 20 шілдедегі № 3/293 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 1/31 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1451 болып тіркелген).