Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің 2017 жылғы 08 маусымындағы "Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидасын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 04 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 05 шілдеде № 1388 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 81 (5430) және "Вечерний Алматы" газетінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 81 (13237) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Бостандық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы Б. Алияроваға жүктелсін.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі |
А. Рахимбетов |