Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2020 жылғы | |
30 шілдесі № 206 қаулысына | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 218 қаулысы (2016 жылғы 25 шілдеде "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3816 болып тіркелді).
2. "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 463 қаулысы (2016 жылғы 28 желтоқсанда "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3977 болып тіркелді).
3. "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 464 қаулысы (2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 болып тіркелді).
4. "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 218 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы № 56 қаулысы (2018 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4598 болып тіркелді).
5. "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 218 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 156 қаулысы (2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4764 болып тіркелді).
6. "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 464 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 261 қаулысы (2018 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4917 болып тіркелді).