Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "2020 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 101 қаулысына (2020 жылғы 05 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6283 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 271 қаулысына | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 101 қаулысына | |
қосымша |
2020 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
Субсидияланатын тұқымдардың санаты | Бюджет қаражатының көлемі, мың теңге |
Бірегей тұқымдар | 20 913 |
Элиталық тұқымдар | 950 142 |
Бірінші репродукция тұқымдары | 493 308 |
Екінші репродукциялы мақта тұқымдары | 0 |
Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | 606 384 |
Элиталық көшеттер | 0 |
Барлығы | 2 070 747 |