2020 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 101 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 мамырда № 6283 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 80 қаулысының (2019 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5326 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. 3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 15.12.2020 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелержөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірі № 101 қаулысына қосымша

2020 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 02.10.2020 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.12.2020 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Субсидияланатын тұқымдардың санаты

Бюджет қаражатының көлемі, теңге

Бірегей тұқымдар

20 912 548

Элиталық тұқымдар

1 016 307 877

Бірінші репродукция тұқымдары

501 198 408

Екінші репродукциялы мақта тұқымдары

0

Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

606 383 525

Элиталық көшеттер

0

Барлығы

2 144 802 358


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады