Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 27.03.2024 № 3 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 шешіміне ("Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3620 болып тіркелген) келесідей өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында (бұдан әрі-Қағида):
бірінші абзацтағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына", "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" (бұдан әрі - отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидалары) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 05 желтоқсандағы № 471 Бұйрығы (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізімінде № 7412 болып тіркелген) және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер Тізімінде № 11015 болып тіркелген) бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт)" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын:
"1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Петропавл қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.";
3-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"3. "Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып табылады.";
4-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тоқсанына бір рет мынадай құжаттарды ұсына отырып, өтініш береді:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) табысын растайтын құжаттарды (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда), жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда) ретінде тіркелгені туралы анықтама;
балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент алатыны туралы мәліметтер;
банктік шот;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жергілікті атқарушы органның жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы органмен берілген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Уәкілетті орган және/немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттарды, өтініш берушінің тұрғылықты жерін тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4, 4-5-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
4-2. Порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
4-3. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағидалардың 4-4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.
4-4. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
4-5. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.";
7-тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын:
"7. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға өтініш берген тоқсанда тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткізушілер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналар туралы ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
А. Фомин |
Петропавл қалалық мәслихат хатшысы |
А. Бердагулов |