Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 2-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Петропавл қалалық мәслихатының "Петропавл қаласы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 15 мамырдағы № 8 шешімінің (2018 жылғы 06 маусым Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4740 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Фомин |
Петропавл қалалық мәслихат хатшысы |
А.Бердагулов |