Петропавл қаласы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 мамырда № 4740 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мəслихатының 13.04.2020 № 1 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексі (Салық кодексі) 546-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Петропавл қаласы аумағында қызметтін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. Петропавл қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Петропавл қаласы бойынша бекітілген салық ставкаларын белгілеу туралы" Петропавл қаласы мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 1 шешімі (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-154 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда "Қызылжар нұры", "Проспект СК" газеттерінде жарияланған);

      2) "Петропавл қаласы бойынша бекітілген салық ставкаларын белгілеу туралы" Петропавл қалалық мәслихаты IV шақыру 2009 жылғы 27 сәуірдегі XV сессиясының № 1 шешіміне өзгеріс енгізу" Петропавл қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 16 шешімі (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-169 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтардағы "Қызылжар нұры", "Проспект СК" газеттерінде жарияланған).

      3. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
О.Завьялов
      Петропавл қалалық мәслихаттың хатшысы А. Бердағұлов

  Петропавл қалалық мәслихат
21 сессиясының 2018 жылғы
15 мамырдағы № 8 шешіміне
қосымша

Петропавл қаласы аумағында қызметтін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

№ р/р

Салық салу объектісінің атауы

Айына тіркелген салықтың бірыңғай мөлшемелерінің ең төмен мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен)

1

2

3

1.

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2,5

2.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

6,4

3.

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

2,2

4.

Ойын жолы

33,2

5.

Карт

2,4

6.

Бильярд үстелі

9,5

7.

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады