Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 21.07.2021 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 23-бабының 1, 2-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 37-бабының 3-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 8 шешіміне (2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5089 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы 22 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"22. 116 сайлау учаскесі:
сайлау учаскесінің орналасқан жері: Смирново ауылы, Амангелді көшесі, № 90 үй, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Балапан бөбек-жайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Смирново ауылы, Карбышев көшесі – № 29-дан № 35-ке дейін тақ жағы, № 2-ден № 14-ке дейін жұп жағы, Папанин көшесі – № 1-ден № 51-ге дейін тақ жағы, № 2-ден № 52-ге дейін жұп жағы, Мир көшесі – № 54-тен № 64-ке дейін жұп жағы, Амангелді көшесі – № 59-дан № 73-ке дейін тақ жағы, № 86-дан № 100-ге дейін жұп жағы, Жұмабаев көшесі – № 101-ден №113-ке дейін тақ жағы, № 116-дан № 136-ға дейін жұп жағы, Октябрь көшесі – № 81-ден № 105-ке дейін тақ жағы, № 88-ден №116-ға дейін жұп жағы, Гагарин көшесі – № 97-ден № 131-ге дейін тақ жағы, № 98-ден № 120-ға дейін жұп жағы, Пушкин көшесі – № 97-ден № 121-ге дейін тақ жағы, № 98-ден № 118-ге дейін жұп жағы, Куйбышев, Сәбит Мұқанов, Надежда Крупская, Партизанская, Савицкая көшелері.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққайың ауданы әкімінің міндеттерін атқарушы |
Н. Тельтаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Аққайың аудандық сайлау
комиссияның төрағасы
________________Қ. Құрманбаев
2020 жылғы "______" __________