Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімінің 20.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 маусымдағы №08-02/378 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылы аумағында ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруына шалдыққан малдар анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аралағаш ауылдық округінің әкімі |
Б.Садвакасов |