Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 04.09.2023 № 7-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын көше және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-11 шешіміне (2014 жылғы 26 мамырда "Есіл Өңірі", "Новости Приишимья" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2742 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Ломоносов ауылдық округінің Ломоносовка ауылының тұрғындарына – 1" жолы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының сессиясының төрағасы |
Н.Синдякина |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы |
Е.Адильбеков |