Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Тастемиров |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамыры № 134 қаулысы қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің "Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 маусымдағы № 223 қаулысы (2012 жылғы 3 қыркүйекте "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-5-150 болып тіркелген).
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің "Білім беру саласында мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 маусымдағы № 224 қаулысы (2012 жылғы 3 қыркүйекте "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-5-151 болып тіркелген).
3. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің "Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" 2012 жылғы 31 шілдедегі № 281 қаулысы (2012 жылғы 24 қыркүйекте "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-5-154 болып тіркелген).
4. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" 2012 жылғы 31 шілдедегі № 283 қаулысы (2012 жылғы 8 қазанда "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1820 болып тіркелген).