Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Шөптікөл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 56-16 шешіміне (2020 жылғы 21 каңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5919 тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2020-2022 жылдарға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Шөптікөл ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 47 358 мың теңге:
салықтық түсімдер – 3 180 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттер түсімі – 44 178 мың теңге;
2) шығындар – 47 358 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0:
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0:
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының сессиясының төрағасы |
Н.Синдякина |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы |
Е.Адильбеков |
2020 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Шөптікөл ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Сыныбы | Кіші Сыныбы | Атауы | Сома (мың теңге) |
1. Кiрiстер | 47 358 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 3 180 | ||
01 | Табыс салығы | 200 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 200 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 2 980 | ||
1 | Мүлiкке салынатын салықтар | 30 | ||
3 | Жер салығы | 750 | ||
4 | Көлiк құралдарына салынатын салық | 2 200 | ||
2 | Салықтық емес түсімдер | 0 | ||
3 | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 0 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 44 178 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 44 178 | ||
3 | Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен түсетін трансферттер | 44 178 | ||
Функционалдық топ | Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | Бағдарлама | Атауы | Сома (мың теңге) |
2. Шығындар | 47 358 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 20 058 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 20 058 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 18 638 | ||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 1 420 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 14 300 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 14 300 | ||
011 | Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру | 300 | ||
014 | Елді мекендерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру | 14 000 | ||
13 | Басқалар | 13 000 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 13 000 | ||
040 | Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 13 000 | ||
3. Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
Бюджеттік кредиттер | 0 | |||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | |||
4. Қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5. Бюджет тапшылығы (профициті) | 0 | |||
6. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 0 | |||
Қарыздар түсімдері | 0 | |||
Қарыздарды өтеу | 0 | |||
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 0 |