Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 наурыздағы № 46/5 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2016 жылғы 24 сәуірде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3707 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Р.Садыков |
Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы |
Б.Мусабаев |