Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 27 қарашадағы № 01-11/248 ұсынысы негізінде, Асаново ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің Малое Белое ауылында "Адель Кус" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасы аумағында құс тұмауы ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты карантин тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округі әкімінің "Карантин белгілеу туралы" 2020 жылғы 14 қазандағы № 25 шешімінің (2020 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6589 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Асаново ауылдық округінің әкімі |
С. Казеев |