Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Тимирязев аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 12/7 (2017 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4203 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ж.Жантоков |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С.Мустафин |