"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XL сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 20 маусымдағы № 227-VI "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4192 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Атырау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Е. Барлыбайұлы).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Идранов |
Мәслихат хатшысы | У. Зинуллин |