Атырау облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 20 маусымдағы № 227-VI "Тарихи–мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 423-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 наурызда № 4619 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XL сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 20 маусымдағы № 227-VI "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4192 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Атырау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін (Е. Барлыбайұлы).

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Идранов
      Мәслихат хатшысы У. Зинуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады