"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 204 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4104 санымен тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 260 "Атырау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 204 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4250 санымен тіркелген, 2018 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, бюджет, қаржы, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту, экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (А. Семгалиев).
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
LXII cессия төрағасы | С. Шомиров |
Атырау қаласы Мәслихатының хатшысы | А. Зайдуллин |