Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 18.09.2020 № 530 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546 бабы 3 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, бюджет, қаржы, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту, экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Семгалиев) жүктелсін.
3. Осы шешім Атырау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХІ сессия төрағасы | Ә. Зайдуллин |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Әзмұханов |
Атырау қалалық мәслихатының 20 наурыздағы 2018 жылғы № 204 шешіміне қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 260 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; орыс тіліндегі қосымшаға өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 24.04.2019 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | 2 | 3 |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2 | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер | 4 |
4 | Ойын жолы | 19 |
5 | Карт | 7 |
6 | Бильярд үстелі | 7 |
7 | Атырау қаласында орналасқан уәкілетті ұйымның айырбастау пункті | 50 |