"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 07-5/110 хаты негізінде, Еркінқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еркінқала ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 39 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4584 тіркелген, 2020 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еркінқала ауылдық округінің әкімі | М. Кумаргалиев |