Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 13-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-2 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3384 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсанда аудандық "Қызылқоға" газетіне жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің кіріспе бөліктегі (кіріспедегі) "және "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 санымен тіркелген)" деген сөздер алынып тасталсын;
2) 2 тармақтың 2) тармақшасындағы:
"Атырау облыстық білім беру басқармасы" деген сөздер, "Атырау облысы Білім беру басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын".
2. Осы шешімнің орындалуын аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына (Сәрсенғалиева С.) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың LV сессия төрағасының міндетін атқарушы, аудандық мәслихат хатшысы |
Т. Бейсқали |