Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4)-тармақшасына сәйкес Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қызылқоға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылқоға аудандық мәслихатының төрағасы |
Т. Бейсқали |
Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-2 шешіміне 1-қосымша |
Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
3. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу оқу жылы ішінде мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткішке тең.
7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы тармағында көрсетілген.
Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-2 шешіміне 2-қосымша |
Қызылқоға аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қызылқоға ауданы мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № XXXV-2 "Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3384 болып тіркелді) шешімі;
2. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № LV-3 "Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-2 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4732 болып тіркелді) шешімі;
3. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 25-1 "Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-2 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31183 болып тіркелді) шешімі;
4. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8-2 "Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-2 "Қызылқоға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5088-06 болып тіркелді) шешімі.