Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мына:
1) мемлекеттік саяси қызметшілерге және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) мемлекеттік саяси қызметшілерінің және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 173 "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4167 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2017 жылы 27 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Е.Тұрғымбековке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
Қ.Қ. Айтмұхаметов | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
Ж.Е. Аманбаев | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
А.А. Абдуллаев | |
А.Б. Тасыбаев |
"Мемлекеттік саяси қызметшілерге және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Түркістан облысы әкімдігінің "___"_________ 2020 жылғы №___ қаулысына
Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 165 қаулысына 1-қосымша |
Мемлекеттік саяси қызметшілерге және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген.
Қағида мемлекеттік саяси қызметшілерге және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік саяси қызметшінің және "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) олардың мемлекеттік лауазымын және лауазымдық өкілеттігін растайтын құжат болып табылады.
3. Қызметтік куәлік осы қаулымен бекітілген сипаттамаға сәйкес келеді.
4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.
2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
5. Облыс әкімінің орынбасарларына, облыс әкімі аппаратының басшысына, аудан мен қала әкімдеріне – облыс әкімінің қолы қойылып беріледі.
6. Қызметтік куәлік саяси мемлекеттік қызметші және "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметші лауазымына тағайындалған, лауазымын ауыстырған, тегін өзгерткен, жоғалтқан немесе бүлдірілген (тозған) кезінде, бұрын берілген қызметтік куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін беріледі.
Қызметтік куәлік екі жыл мерзімге беріледі.
7. Қызметтік куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алу осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.
Қызметтік куәлік қызметкерге қол қоюмен беріледі.
8. Қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналы Түркістан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінде сақталады.
9. Персоналды басқару қызметінің қызметшісі қызметтік куәлікті ұсынғаннан кейін оны пайдалану туралы ауызша түсіндірме жүргізеді.
Қызметтік куәлікті ауыстыру, лауазымын өзгерту, тегiн өзгерту, сондай-ақ бүлінген (тозған), жарамдылық мерзімі аяқталған кезінде, бұрын берілген қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметінің қызметшісі қайтарып алады.
10. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібіне жалпы бақылауды персоналды басқару қызметінің басшысы жүзеге асырады.
11. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда оның иесі облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне жазбаша (еркін) нысанда дереу хабарлайды және тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына жоғалған қызметтік куәліктің жарамсыздығы туралы хабарландыру береді.
12. Персоналды басқару қызметі қызметтік куәліктің жоғалуы, бүлінгені (тозғаны) немесе тегінің өзгергені туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін, тегін өзгерткен немесе жоғалған, бүлінген (тозған) орнына жаңа қызметтік куәлікті береді.
13. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің, қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша персоналды басқару қызметі белгіленген тәртіпте қызметтік тергеу жүргізу қажеттілігі қарастырылады.
14. Қызметкер жұмыстан босатылған кезде қызметтік куәлікті соңғы жұмыс күні облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне тапсырады.
Қызметтік куәлікті тапсырған кезде мемлекеттік органның қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналына есепке алу және қызметтік куәліктерді беруге жауапты адамның қолы қойылады.
15. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып жойылуға жатады. Қызметтік куәліктерді жою бойынша комиссия кемінде үш адамнан, оның ішінде қызметтік куәліктерді есепке алу және беру жөніндегі жауапты қызметші, қаржы-шаруашылық және мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілерінен құрылады.
Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 165 қаулысына 2-қосымша |
Қызметтік куәліктің сипаттамасы
1. Қызметтік куәлік мұқабасы күрең қызыл түсті былғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған.
2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген түрінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ" типографиялық қаріппен жазба жазылған.
3. Куәліктің оң және сол ішкі жағында: ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде мемлекеттік органның атауы (мемлекеттік және орыс тілдерінде), төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы көрсетіледі.
4. Сол жағында: фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), облыс әкімінің қолымен және мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен расталған мемлекеттік тілдегі мәтін.
5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көкшіл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі (екі жыл мерзімге беріледі).
Мемлекеттік саяси қызметшілерге және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларына қосымша |
Қызметтік куәлікті беру журналы
Қызметтік куәліктің нөмірі | Тегі, аты, Әкесінің Аты (болған жағдайда) | Атқаратын лауазымы | Қызметтік куәліктің берілген күні | Қызметтік куәлікті тапсыру күні | Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні) |
Ескерту: Мемлекеттік саяси қызметшілерге және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру журналы нөмірленіп облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің қолымен және мөрімен расталады.