"Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 29 маусымдағы № 173 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 20 шiлдеде № 4167 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 13 тамыздағы № 165 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 13.08.2020 № 165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;

      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Е.Тұрғымбековке жүктелсін.

      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Б.С.Жамалов
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      А.С.Сәбитов
      К.Н.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
29 маусымдағы № 173
қаулысына 1-қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру тәртібін белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) оның атқаратын мемлекеттік қызметші лауазымын растайтын ресми құжат болып табылады.

      3. Қызметтік куәлік осы қаулымен бекітілген сипаттамаға сәйкес.

      4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      5. Қызметтік куәлік:

      1) облыс әкімінің орынбасарларына, облыс әкімі аппаратының басшысына, қалалар мен аудандар әкімдеріне, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына – облыс әкімінің қолы қойылып;

      2) облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне – облыс әкімі аппараты басшысының қолы қойылып;

      3) тиісті органдардың мемлекеттік қызметшілеріне – облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары басшысының қолы қойылып беріледі.

      6. Қызметтік куәлік мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

      Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

      7. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы мемлекеттік органдар персоналын басқару қызметінің сейфінде, ал облыстық бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарында – кадр жұмысымен айналысатын қызметкерлердің сейфінде сақталады.

      8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті Персоналды басқару қызметтерінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады, ал облыстық бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарында – кадр жұмысымен айналысатын қызметкерлері қайтарып алады.

      9. Персоналды басқару қызметтері жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      10. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды Персоналды басқару қызметтерінің басшылары жүзеге асырады, ал облыстық бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарында – кадр жұмысымен айналысатын қызметкерлер жүзеге асырады.

      11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды және жоғалған қызметтік куәліктің жарамсыздығы туралы тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің, қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі белгіленген тәртіпте қызметтік тергеу жүргізу қажеттілігін қарастырады.

      13. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне тапсырады.

      Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      14. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
29 маусымдағы № 173
қаулысына 2-қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Қызметтік куәлік мұқабасы күрең қызыл түсті және көк түсті былғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген түрінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ" типографиялық қаріппен жазба жазылған, ал облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарында облыстық атқарушы органның атауы мемлекеттік тілде көрсетіледі.

      3. Куәліктің оң және сол ішкі жағында: ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде тиісті мемлекеттік органның атаулары (мемлекеттік және орыс тілдерінде), төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы көрсетіледі.

      4. Сол жағында: фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), тиісінше облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты башысының, облыстық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдары басшыларының қолымен және тиісті мемлекеттік органның елтаңбалы мөрімен расталған мемлекеттік тілдегі мәтін.

      5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көкшіл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі (екі жыл мерзімге беріледі).

  "Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімінің аппараты" мемлекеттік
мекемесінің, Оңтүстік Қазақстан
облысының облыстық
бюджетінен қаржыландырылатын
атқарушы органдарының
мемлекеттік қызметшілеріне
қызметтік куәлікті беру
қағидаларына қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Қызметтік куәліктің берілген күні

Қызметтік куәлікті тапсырған күні

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)




















      Ескертпе: "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және кадр қызметінің қолымен және мөрімен, ал облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда – кадр жұмысымен айналысатын қызметкерлермен расталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады