"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20991 болып тіркелген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 880 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 41 "2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5450 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 2 наурызда жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат шегінде 2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері" 5-қосымшасымен толықтырылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы | А. Жетпісбай |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
А.С. Сабитов | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
А.А. Абдуллаев | |
А.Б. Тасыбаев |
"Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы №41 "2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "___"_____________№_____ қаулысына
Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "25" желтоқсандағы № 260 қаулысына қосымша |
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат шегінде 2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері"
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі | |||||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||||
1. | Шығу тегі асыл тұқымдыға сәйкес келетін ірі қара малдың импортталған аналық басын сатып алу | сатып алынған бас | 150 000 | 208 | 31 200,0 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | ||||
1.1 | Отандық | сатып алынған бас | 200 000 | 99 | 19 930,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/ шағылыстыру маусымы бас | 4 000 | 58 362 | 233 448,0 |
1.2 | Қойлардың тауарлық аналық басы | 2 500 | 269 889 | 674 722,0 | |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 100 000 | 7 | 700,0 |
Барлығы | 960 000,0 | ||||
Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері | |||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату: | ||||
1.1 | Ауыл шаруашылығы кооперативі | өткізілген немесе өңделген килограмм | 20 | 2 000 000 | 40 000,0 |
Барлығы | 40 000,0 |