"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Басаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Д.Махажанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түркістан облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы______________Р.Ибрагимов
" ____" _____________2020 жыл
Кентау қаласы әкімдігінің 11 наурыздағы 2020 жылғы № 137 қаулысына қосымша |
Кентау қаласындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 03.03.2023 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қ/с | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Автомобиль жолдарының мекен жайы, шақырым | Жалпы ұзындығы шақырым |
1 | KXKT-1 | Кентау-Байылдыр | 0-8,0 | 8,0 |
2 | KXKT-2 | Кентау-Хантағы | 0-6,95 | 6,95 |
3 | KXKT-3 | Хантағы-Қаратау қорығы | 0-10 | 10 |
Барлығы | 24,95 |