Кентау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 137 "Кентау қаласындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2023 жылғы 3 наурыздағы № 73 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 6 наурызда № 6248-13 болып тiркелдi

      Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кентау қаласындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" Кентау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 137 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының оның ресми жарияланғаннан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Ж. Тасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түркістан облысының жолаушылар

      көлігі және автомобиль жолдары

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

  Кентау қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 3 наурыздағы
№ 73 қаулысына қосымша
  Кентау қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 11 наурыздағы
№ 137 қаулысына қосымша

Кентау қаласындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi

Қ/с

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Автомобиль жолдарының мекен жайы, шақырым

Жалпы ұзындығы шақырым

1

KXKT-1

Кентау-Байылдыр

0-8,0

8,0

2

KXKT-2

Кентау-Хантағы

0-6,95

6,95

3

KXKT-3

Хантағы-Қаратау қорығы

0-10

10

Барлығы

24,95


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады