"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 26 "Кентау қаласындағы стационарлық емес сауда обьектілерінің орналастыру орындарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3986 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 11 наурызда "Кентау шұғыласы" газетінде және 15 наурыз 2017 жылғы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Ғ.Үсенбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі | Д. Махажанов |