Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108 бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі және Кентау қалалық құрылыс және сәулет бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:
1) 60,99 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шаға ауылдық округі, Шоқтас елді мекенінің жалпы ауданы 120,53 гектар;
2) 165,37 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шаға ауылдық округі, Бершін төбе елді мекенінің жалпы ауданы 654,47 гектар;
3) 298,70 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Иассы ауылдық округі, Еңбекші Диқан елді мекенінің жалпы ауданы 464,19 гектар;
4) 3,65 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Иассы ауылдық округі, Шойтөбе елді мекенінің жалпы ауданы 123,35 гектар;
5) 118,13 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жібек жолы ауылдық округі, 30 - разъезд елді мекенінің жалпы ауданы 260,42 гектар;
6) 10,05 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елді мекенінің жалпы ауданы 51,2 гектар;
7) 199,52 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекенінің жалпы ауданы 1295,39 гектар;
8) 81,99 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жүйнек ауылдық округі, Шыпан елді мекенінің жалпы ауданы 252,83 гектар;
9) 96,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек елді мекенінің жалпы ауданы 1076,0 гектар;
10) 74,25 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бабайқорған ауылдық округі, Құмайлықас елді мекенінің жалпы ауданы 202,65 гектар;
11) 55,96 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бабайқорған ауылдық округі, Үлгілі елді мекенінің жалпы ауданы 174,90 гектар;
12) 145,54 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Майдантал ауылдық округі, Ынталы елді мекенінің жалпы ауданы 580,0 гектар;
13) 51,24 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Майдантал ауылдық округі, Егізқара елді мекенінің жалпы ауданы 55,67 гектар;
14) 174,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Майдантал ауылдық округі, Қаражон елді мекенінің жалпы ауданы 250,50 гектар;
15) 132,03 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қарашық ауылдық округі, Құмтүйін елді мекенінің жалпы ауданы 224,71 гектар;
16) 39,67 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Үшқайық ауылдық округі, Жалаңтөс елді мекенінің жалпы ауданы 69,52 гектар;
17) 402,12 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Үшқайық ауылдық округі, Теке елді мекенінің жалпы ауданы 744,56 гектар;
18) 11,07 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Үшқайық ауылдық округі, Нұртас елді мекенінің жалпы ауданы 301,49 гектар;
19) 77,50 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Үшқайық ауылдық округі, С.Қожанов елді мекенінің жалпы ауданы 113,74 гектар;
20) 47,12 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекенінің жалпы ауданы 464,08 гектар;
21) 0,98 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шорнақ ауылдық округі, №32 разъезд елді мекенінің жалпы ауданы 3,08 гектар;
22) 33,76 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл елді мекенінің жалпы ауданы 589,84 гектар;
23) 21,77 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекенінің жалпы ауданы 374,09 гектар;
24) Иассы ауылдық округінен 233,89 гектар жер учаскесі және Шаға ауылдық округінен 41,25 гектар жер учаскесі Хантағы ауылының шегіне енгізіле отырып, Хантағы ауылының жалпы ауданы 5588,06 гектар;
25) Оранғай ауылдық округінен 11,8 гектар жер учаскесі Қарнақ ауылының шегіне енгізіле отырып, Қарнақ ауылының жалпы ауданы 38244,47 гектар;
26) Байылдыр ауылынан 91,37 гектар жер учаскесі және Қарнақ ауылынан 1053,44 гектар жер учаскесі Кентау қаласының шегіне енгізіле отырып, Кентау қаласының жалпы ауданы 5316,12 гектар.
2. "Кентау қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Кентау қалалық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Д. Махажанов |
Мәслихат сессиясының төрағасы | М. Кунпеисов |
Мәслихат хатшысы | С. Абдрахманов |