Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына және "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 76 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5545 болып тіркелген, 2020 жылғы 22 сәуірде "Шаян" газетінде және 2020 жылғы 8 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;
2) осы қаулының Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Шәріпбеков |
Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 467 қаулысына қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны |
1 | "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ақтау жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 59 | 2 | 1 |
2 | "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Жүзімдік жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 65 | 2 | 1 |
3 | "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қ.Бәйменов атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 70 | 2 | 1 |
4 | "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 99 | 2 | 2 |
5 | "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Тасқұдық негізгі орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 57 | 2 | 1 |
6 | "Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Б.Момышұлы атындағы негізгі орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 56 | 2 | 1 |