Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 76 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 3 сәуірде № 5545 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 467 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 20.12.2020 № 467 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 116 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4994 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 мамырында "Шаян" газетінде және 2019 жылғы 24 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бәйдібек ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Танагузов

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 3 сәуірдегі № 76
қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Бәйдібек ауданы әкімдігінің Бәйдібек аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі

64

2

1

2

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ж.Жүнісбеков атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

70

2

1

3

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ө.Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

65

2

1

4

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Кеңсай жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

70

2

1

5

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Қаратау жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

69

2

1

6

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Майбұлақ жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

67

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады