Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйдібек ауданының жер қатынастары бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес, елді мекендердің шекаралары өзгертілсін:
1) 59,33 гектар жер учаскесі Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 232,57 гектар;
2) 108,92 гектар жер учаскесі Алмалы ауылдық округі Бәйдібек ата ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 465,36 гектар;
3) 27,08 гектар жер учаскесі Боралдай ауылдық округі Жоғарғы Боралдай ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 154,74 гектар;
4) 53,96 гектар жер учаскесі Боралдай ауылдық округі Боралдай ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 269,9 гектар;
5) 96,26 гектар жер учаскесі Ақбастау ауылдық округі Ақбастау ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 484,93 гектар;
2. Бәйдібек аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Бәйдібек аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Шәріпбеков |
Мәслихат сессиясының төрағасы | Б. Омарбеков |
Мәслихат хатшысы | М. Нахипбеков |