Бәйдібек ауданы бойынша жекелеген елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 61/366 бірлескен шешiмi және Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 01 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 28 қаңтарда № 6043 болып тiркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйдібек ауданының жер қатынастары бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес, елді мекендердің шекаралары өзгертілсін:

      1) 59,33 гектар жер учаскесі Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 232,57 гектар;

      2) 108,92 гектар жер учаскесі Алмалы ауылдық округі Бәйдібек ата ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 465,36 гектар;

      3) 27,08 гектар жер учаскесі Боралдай ауылдық округі Жоғарғы Боралдай ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 154,74 гектар;

      4) 53,96 гектар жер учаскесі Боралдай ауылдық округі Боралдай ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 269,9 гектар;

      5) 96,26 гектар жер учаскесі Ақбастау ауылдық округі Ақбастау ауылының шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 484,93 гектар;

      2. Бәйдібек аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Бәйдібек аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Шәріпбеков
      Мәслихат сессиясының төрағасы Б. Омарбеков
      Мәслихат хатшысы М. Нахипбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады