Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округі әкімінің 25.05.2020 № 21 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" заңының 15-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 11 қаңтардағы № 02-05/08 хатына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жаңабазар ауыл округі, Жаңаталап елді мекені С.Рсымбетұлы көшесі № 73 үй тұрғыны Б.Жұмағұлдың жеке игіліндегі бір бас ірі қара малының бас миының сынамасы "құтыру" ауруына "оң" нәтиже көрсетуіне байланысты, аталған елді мекен аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Жаңабазар ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімінің | |
міндетін уақытша атқарушы | Н. Жақыпов |