Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 01.04.2020 № 20 шешiмiмен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақтан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 05-05/16 санды ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Тексеруге өткізілген бір бас иттің бас миының сынамасынан "құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қазығұрт ауыл округі Телемұнара көшесі № 10 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазығұрт ауыы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі | Қ.Садыков |