Шектеу іс-шараларын алып тастау және Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 3 "Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауыл округі Телемұнара көшесі № 10 үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 20 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 1 сәуірде № 5534 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 02-05/135 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Иттің құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қазығұрт ауылы округі Телемұнара көшесі № 10 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 3 "Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылы округі Телемұнара көшесі № 10 үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5377 болып тіркелген және 2020 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазығұрт ауданының "Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін ;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округ әкімі Қ. Садықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады