Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауылы округі әкімінің 25.05.2020 № 11 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап енгізілді).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 107 ұсынысы негізінде, Қарабау ауылы округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарабау ауылы округі, Жұмысшы елді мекеніндегі, Т.Ержанов көшесінің № 01 үй тұрғыны А.Ахметовтың бір бас мысығының бас миының сынамасы "құтырық" ауыруына "оң" нәтиже көрсетілуіне байланысты, Жұмысшы елді мекеніндегі Т.Ержанов көшесінің № 01, 02, 03, 04, 05 үйлерінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қарабау ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) ресми жарияланғанан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Мырзакуловқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілді.
Қарабау ауылы округінің әкімі | А. Толешов |