Шектеу іс-шараларын алып тастау және Қарабау ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 6 "Қарабау ауылы округі, Жұмысшы елді мекеніндегі Т.Ержанов көшесінің № 01, 02, 03, 04, 05 үйлерінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 11 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 мамырда № 5632 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 15 наурыздағы № 02-05/179 ұсынысы негізінде ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бір бас мысықтың құтырық ауыруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қарабау ауылы округі, Жұмысшы елді мекеніндегі Т.Ержанов көшесінің № 01, 02, 03, 04, 05 үйлерінің аумағында шектеу іс-шаралары алып тасталынсын.

      2. Қарабау ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 6 "Қарабау ауылы округі, Жұмысшы елді мекеніндегі Т.Ержанов көшесінің № 01, 02, 03, 04, 05 үйлерінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5502 болып тіркелген, 2020 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқытық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап енгізілді.

      Қарабау ауылы округінің әкімі А. Толешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады