Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 15.02.2021 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 18 наурыздағы № 183 "Мақтаарал ауданының пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарына квоталар белгiлеу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4938 нөмiрiмен тiркелген, 2019 жылғы 29 наурызда "Мақтаарал тынысы" газетiнде және 2019 жылғы 02 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
5. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Туребековке жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Асанов |
Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 186 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 14 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 57 | 1% | 1 |
2. | "Мырзакент-Қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 71 | 1% | 1 |
3. | "Мақтаарал-сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 66 | 1% | 1 |
Барлығы | 194 | 3 |
Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 186 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 14 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 57 | 1% | 1 |
2. | "Мырзакент-Қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 71 | 1% | 1 |
3. | "Мақтаарал-сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 66 | 1% | 1 |
Барлығы | 194 | 3 |
Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 186 қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 14 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 57 | 1% | 1 |
2. | "Мырзакент-Қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 71 | 1% | 1 |
3. | "Мақтаарал-сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 66 | 1% | 1 |
Барлығы | 194 | 3 |