"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Ордабасы ауданы Шұбарсу ауыл округі әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шұбарсу ауылдық округіндегі көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Ізгілік атауы;
2) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Астана атауы;
3) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Парасат атауы;
4) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Қазына атауы;
5) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Арай атауы;
6) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Қайнар атауы;
7) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Наурыз атауы;
8) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Ұлытау атауы;
9) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Қаратау атауы;
10) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Нұрлы атауы;
11) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Сарыарқа атауы;
12) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Қазығұрт атауы;
13) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Алатау атауы;
14) Шұбарсу ауылындағы атауы жоқ көшеге - Игілік атауы.
2. "Шұбарсу ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу үшiн жiберудi;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шұбарсу ауыл округі әкiмiнiң орынбасары Ғ.Аманға жүктелсiн.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Шұбарсу ауыл округі әкімі | А. Турсунбаев |