Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Отырар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі мен Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:
1) Балтакөл ауылдық округі Ақкөл елді мекенінің шекарасына 81,90 гектар жайылымдық жер қосылып, Ақкөл елді мекенінің шекарасы 181,6 гектар болып өзгертілсін;
2) Көксарай ауылдық округі Көксарай елді мекенінің шекарасына 46,07 гектар жайылымдық жер қосылып, Көксарай елді мекенінің шекарасы 790,87 гектар болып өзгертілсін;
3) Көксарай ауылдық округі Шеңгелді елді мекенінің шекарасына 58,22 гектар жайылымдық жер қосылып, Шеңгелді елді мекенінің шекарасы 162,02 гектар болып өзгертілсін;
4) Қарақоңыр ауылдық округі Қарақоңыр елді мекенінің шекарасына 32,60 гектар жайылымдық жер қосылып, Қарақоңыр елді мекенінің шекарасы 48,1 гектар болып өзгертілсін;
5) Қарақоңыр ауылдық округі Бестораңғыл елді мекенінің шекарасына 10,34 гектар жайылымдық жер қосылып, Бестораңғыл елді мекенінің шекарасы 37,79 гектар болып өзгертілсін;
6) Қарақоңыр ауылдық округі Сырдария елді мекенінің шекарасына 9,90 гектар жайылымдық жер қосылып, Сырдария елді мекенінің шекарасы 57,3 гектар болып өзгертілсін;
7) Қарақоңыр ауылдық округі Арыс елді мекенінің шекарасына 11,66 гектар жайылымдық жер қосылып, Арыс елді мекенінің шекарасы 65,76 гектар болып өзгертілсін;
8) Қарақоңыр ауылдық округі Қостүйін елді мекенінің шекарасына 16 гектар жайылымдық жер қосылып, Қостүйін елді мекенінің шекарасы 37,6 гектар болып өзгертілсін;
9) Қоғам ауылдық округі Мыңшұңқыр елді мекенінің шекарасына 147,73 гектар жайылымдық жер қосылып, Мыңшұңқыр елді мекенінің шекарасы 309,93 гектар болып өзгертілсін;
10) Қоғам ауылдық округі Талапты елді мекенінің шекарасына 49,03 гектар жайылымдық жер қосылып, Талапты елді мекенінің шекарасы 264,87 гектар болып өзгертілсін;
11) Қоғам ауылдық округі Қоғам елді мекенінің шекарасына 106,64 гектар жайылымдық жер қосылып, Қоғам елді мекенінің шекарасы 396,74 гектар болып өзгертілсін;
12) Маяқұм ауылдық округі Бестам елді мекенінің шекарасына 31,9 гектар жайылымдық жер қосылып, Бестам елді мекенінің шекарасы 71,3 гектар болып өзгертілсін;
13) Талапты ауылдық округі Ынталы елді мекенінің шекарасына 38,6 гектар жайылымдық жер қосылып, Ынталы елді мекенінің шекарасы 126,9 гектар болып өзгертілсін;
2. "Отырар ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы біркелсен қаулы мен шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы біркелсен қаулы мен шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы біркелсен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Отырар ауданының әкімі | А. Жунисов |
Отырар ауданының мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Ж. Нуров |
Отырар ауданының | |
мәслихатының хатшысы | М. Манапов |