Отырар ауданы бойынша елді мекендердің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 156 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 56/269-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментіне 2020 жылғы 3 шілдеде № 5694 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 15-тармақтарына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Отырар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі мен Отырар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, шекаралары өзгертілсін:

      1) Балтакөл ауылдық округі Ақкөл елді мекенінің шекарасына 81,90 гектар жайылымдық жер қосылып, Ақкөл елді мекенінің шекарасы 181,6 гектар болып өзгертілсін;

      2) Көксарай ауылдық округі Көксарай елді мекенінің шекарасына 46,07 гектар жайылымдық жер қосылып, Көксарай елді мекенінің шекарасы 790,87 гектар болып өзгертілсін;

      3) Көксарай ауылдық округі Шеңгелді елді мекенінің шекарасына 58,22 гектар жайылымдық жер қосылып, Шеңгелді елді мекенінің шекарасы 162,02 гектар болып өзгертілсін;

      4) Қарақоңыр ауылдық округі Қарақоңыр елді мекенінің шекарасына 32,60 гектар жайылымдық жер қосылып, Қарақоңыр елді мекенінің шекарасы 48,1 гектар болып өзгертілсін;

      5) Қарақоңыр ауылдық округі Бестораңғыл елді мекенінің шекарасына 10,34 гектар жайылымдық жер қосылып, Бестораңғыл елді мекенінің шекарасы 37,79 гектар болып өзгертілсін;

      6) Қарақоңыр ауылдық округі Сырдария елді мекенінің шекарасына 9,90 гектар жайылымдық жер қосылып, Сырдария елді мекенінің шекарасы 57,3 гектар болып өзгертілсін;

      7) Қарақоңыр ауылдық округі Арыс елді мекенінің шекарасына 11,66 гектар жайылымдық жер қосылып, Арыс елді мекенінің шекарасы 65,76 гектар болып өзгертілсін;

      8) Қарақоңыр ауылдық округі Қостүйін елді мекенінің шекарасына 16 гектар жайылымдық жер қосылып, Қостүйін елді мекенінің шекарасы 37,6 гектар болып өзгертілсін;

      9) Қоғам ауылдық округі Мыңшұңқыр елді мекенінің шекарасына 147,73 гектар жайылымдық жер қосылып, Мыңшұңқыр елді мекенінің шекарасы 309,93 гектар болып өзгертілсін;

      10) Қоғам ауылдық округі Талапты елді мекенінің шекарасына 49,03 гектар жайылымдық жер қосылып, Талапты елді мекенінің шекарасы 264,87 гектар болып өзгертілсін;

      11) Қоғам ауылдық округі Қоғам елді мекенінің шекарасына 106,64 гектар жайылымдық жер қосылып, Қоғам елді мекенінің шекарасы 396,74 гектар болып өзгертілсін;

      12) Маяқұм ауылдық округі Бестам елді мекенінің шекарасына 31,9 гектар жайылымдық жер қосылып, Бестам елді мекенінің шекарасы 71,3 гектар болып өзгертілсін;

      13) Талапты ауылдық округі Ынталы елді мекенінің шекарасына 38,6 гектар жайылымдық жер қосылып, Ынталы елді мекенінің шекарасы 126,9 гектар болып өзгертілсін;

      2. "Отырар ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы біркелсен қаулы мен шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы біркелсен қаулы мен шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы біркелсен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Отырар ауданының әкімі А. Жунисов
      Отырар ауданының мәслихаты
      сессиясының төрағасы Ж. Нуров
      Отырар ауданының
      мәслихатының хатшысы М. Манапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады