Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 29.04.2020 № 10 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашлығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 02-05/40 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Ақбұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақбұлақ ауылының Құрмантаев көшесі № 112 үйде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының Құрмантаев көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | А. Керимов |