Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 01.10.2020 № 61 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 02-05/218 ұсынысына сәйкес және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы М.Ахмаров көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 18 маусым 2020 жылғы № 33 "Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылының М.Ахмаров көшесіндегі № 270 үй ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5658 тіркелген, 2020 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарабұлақ ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | Б. Шамуратов |