Шектеу іс-шараларын алып тастау және Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 36 "Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Ахмаров көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 61 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қазанда 5823 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 08-02-03/334 ұсынысын қарай келе, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылының Ахмаров көшесінде шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 36 "Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Ахмаров көшесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5685 болып тіркелген, 2020 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау бланкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұлақ ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы М. Шадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады