"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 07 ақпандағы № 40 "Сарыағаш аудандық бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметтiк куәлiктi беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3994 тіркелген, 2017 жылғы 31 наурызда "Сарыағаш" газетінде және 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жаряланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Доспуловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш ауданының әкімі | М. Отаршиев |