Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес, елді мекендердің шекаралары өзгертілсін:
1) 83,24 гектар жер учаскесі Қабланбек ауылдық округі, Жаңаарық елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 177,39 гектар;
2) 39,98 гектар жер учаскесі Қабланбек ауылдық округі, Сіргелі (Чичерино) елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 123,67 гектар;
3) 15,30 гектар жер учаскесі Қабланбек ауылдық округі, Ақниет елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 102,15 гектар;
4) 100,74 гектар жер учаскесі Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 1108,15 гектар;
5) 17,92 гектар жер учаскесі Жемісті ауылдық округі, Тың елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 82,08 гектар;
6) 16,72 гектар жер учаскесі Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 136,22 гектар;
7) 68,29 гектар жер учаскесі Тегісшіл ауылдық округі, Тегісшіл елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 296,52 гектар;
8) 122,0 гектар жер учаскесі Құркелес ауылдық округі, Жылысу елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 206,55 гектар;
9) 92,30 гектар жер учаскесі Құркелес ауылдық округі, Алғабас елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 305,64 гектар;
10) 42,90 гектар жер учаскесі Жылға ауылдық округі, Шымырбай елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 2321,40 гектар;
11) 95,69 гектар жер учаскесі Жылға ауылдық округі, Қарақалпақ елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 2067,56 гектар;
12) 97,37 гектар жер учаскесі Жылға ауылдық округі, Шеңгелді елді мекенінің шегіне енгізіліп, жалпы ауданы 3213,33 гектар;
13) 240,90 гектар жер учаскесі Дарбаза ауылдық округі, Дарбаза елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 2958,80 гектар;
14) 57,66 гектар жер учаскесі Дарбаза ауылдық округі, Ердәуіт елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 240,84 гектар;
15) 55,10 гектар жер учаскесі Дарбаза ауылдық округі, Таскұдық елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 469,33 гектар;
16) 5,17 гектар жер учаскесі Дарбаза ауылдық округі, Құрықсай елді мекенінің шегіне енгізіле отырып, жалпы ауданы 196,0 гектар.
2. "Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы және шешімді Сарыағаш аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Отаршиев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Садыков |