"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2-тармағына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 97 "Сарыағаш ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4768 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 қарашада электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
орыс тіліндегі № 639 сайлау учаскесіне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді:
№ 643 сайлау учаскесіндегі "Шәмші гүлзары" деген сөз "Шәмші гүлзары көшесі" деген сөзбен ауыстырылсын:
орыс тіліндегі № 911 сайлау учаскесіне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Шамбуловқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш ауданының әкімі | М. Отаршиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сарыағаш аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________ А.Жұмасай
"__" _________ 2020 жыл