"Сарыағаш ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Сарыағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 97 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 62 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қарашада № 5872 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2-тармағына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 97 "Сарыағаш ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4768 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 қарашада электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      орыс тіліндегі № 639 сайлау учаскесіне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді:

      № 643 сайлау учаскесіндегі "Шәмші гүлзары" деген сөз "Шәмші гүлзары көшесі" деген сөзбен ауыстырылсын:

      орыс тіліндегі № 911 сайлау учаскесіне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Шамбуловқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш ауданының әкімі М. Отаршиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сарыағаш аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ______________ А.Жұмасай

      "__" _________ 2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады